"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Узунколь отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области. 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама "БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ"

04.06.2025

Баяндама тақырыбы:

БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.

Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауды ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды.

Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» ұғымдары синонимдес болып табылады.

Девиантты мінез-құлық дегеніміз – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Кей жағдайларда «асоциалдық» немесе «антидисциплиналық» деп те аталып жатады.

Девиантты мінез-құлық немесе мінез-құлық ауытқушылығының көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан және еңбектен теріс бұрылу, үйден кету, алкоголизм, шылымқұмарлық, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б. жатады.

Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжырым жасалды. Олар:

Биологиялық факторлар

Психологиялық факторлар

Әлеуметтік-педагогикалық факторлар

Әлеуметтік-экономикалық факторлар

Моральды-этикалық факторлар

Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» түзетудің жолы қандай?

Көрнекті психолог Л.С.Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» дей отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

  • Баланың әлеуметтік ортасына тікелей әсер ету арқылы. Факторлары: табиғи, әлеуметтік.
  • Оқу-тәрбие үдерісінің түзетушілік бағыты. Үнемі!
  • Мәдени-көпшілік және сауықтыру шараларын арнайы ұйымдастыру арқылы.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.

Эмоциялық өзгерістері:

  1. көңілсіз жүру
  2. қабақ шытуы
  3. ашулылық
  4. бұрқылдау
  5. айналадағы ортаға жағымсыз қарым-қатынас
  6. айналаға жек көрушілік сезіммен қарау
  7. өз-өзіне деген мейірімсіздік
  8. қатыгездік сезімі
  9. мәнсіз қорқыныш

Демонстрациялық мінез:

  • Өз-өзіне қол жұмсаумен қорқыту
  • Қан тамырларын кесу
  • Дәрі-дәрмек ішу
  • Өзіне назар салуды талап ету

Суицидтік аффектілік мінез:

Аффект үстінде дарға асылу, улы, қатты әсер ететін дәрі-дәрмекпен улану

Жыл мезгілі

  • Табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездеседі.

Сәуір-ең қатыгез ай” (Томас Эллиот)

Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен -120% жоғары

Суицидтік әрекеттің алдын-алу және түзету:

  • Стресті жеңуге үйрету.
  • Отбасы, мектеп, референттік топтың көмегімен жасөспірімге әлеуметтік қолдау көрсету.
  • Қиыншылықты жеңуге арналған психологиялық тренингтер жүйесін ұйымдастыру.
  • Суицидтік жағдайларға жеткізген психологиялық қажеттіліктерді азайту.
  • Өмірге ерекше қатынасты қалыптастыру.
  • Суицидтік мінез-құлықты тани білу, алдын алу.

Көмек беру үшін:

  • Суицидке әкелген себепті табуға тырысу.
  • Суицидке бейімділігі бар тұлға деп, оның әрекетіне нақты көзқараспен қарау.
  • Қамқорлық көрсете білу.
  • Тыңдаушы бола білу.
  • Өмірдегі қажеттілігін түсіндіре білу.

Түн артынан күн шығатыны секілді, қиыншылық арты жақсылыққа ұласатынына бала сенімді болуы керек.

 

Просмотров: 926


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст