"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Узунколь отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области. 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕМОРАНДУМ

МЕМОРАНДУМ
ынтымақтастық туралы
Астрахан ауданының білім бөлімінің "Ұзынкөл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Ізбасаров и К"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында

Осы ынтымақтастық туралы Меморандум (бұдан әрі - Меморандум) Астрахан ауданының білім бөлімінің "Ұзынкөл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ұзынкөл негізгі мектебі) атынан директор Дархан Жақсылықұлы Нұржанов және бұдан әрі "Тараптар"деп аталатын басшы Бугубай Қазизұлы Ізбасаров тұлғасында "Ізбасаров и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі(бұдан әрі - "Ізбасаров и К"ЖШС) арасындағы қатынастарды белгілейді.
Тараптар осы Меморандумды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың салауатты өскелең ұрпақты қалыптастыру, оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру, мемлекеттік - жекешелік әріптестік саласында тиімді ынтымақтастықты жолға қою бойынша белгілеген басымдықтарды іске асыру мақсатында жасасады және төмендегілер туралы келісті:
1 бап
Ұзынкөл мектебі:
- ауданы 109,5 ш. м. мектеп ас блогын және мектеп ас блогының жабдықтарын құрамында: электр плитасы, Тоңазытқыш, бөлшектеу үстелдері, ыдыс кептіруге арналған шкафтар, ыдыс-аяқ;
- тамақтануды ұйымдастыруға мұқтаж оқушылардың тізімін ұсыну, оқушылардың қозғалысын ескере отырып, әр тоқсан сайын жаңарту;
- асханаға келушілердің күнделікті есебін жүргізу, ай сайынғы есептілікті ұсыну;
- тамақтандыруды ұйымдастыру саласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау;

2 бап
"Ізбасаров және К" ЖШС міндеттенеді:
- тиісті кәсіби біліктілігі бар мектеп аспазының функциясын орындау үшін қызметкерді ұсыну;
- мектеп өтінімдеріне сәйкес оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін оқу жылы ішінде жалпы сомасы 600000 теңгеге азық-түлік ұсыну.

 

3 бап
Қорытынды ережелер
Осы Меморандумға кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде берілуі және оған екі тараптың өкілдері қол қоюы тиіс.
Осы Меморандум оған екі тарап қол қойған күннен бастап күшіне енеді және екі тарап оны екі жақты келісім бойынша немесе Тараптардың бірінің қалауы бойынша кемінде 30 күн бұрын екінші Тарапты алдын ала хабардар ете отырып, бұзған сәтке дейін қолданылады.
Осы Меморандум Ұзынкөл ауылында 2018 жылғы 01 қыркүйекте Қазақ және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей күші бар бір-бір данадан жасалды.

 


Тараптардың қолдары:

Директор Басшы
"Ұзынкөл негізгі мектебі" ММ "Ізбасаров и К"ЖШС
Нұржанов Д._________________ Ізбасаров Б. К._____________

Жаңартылған күні: 15.10.2021 10:22
Құрылған күні: 15.10.2021 10:22

Текст