"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Узунколь отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области. 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025-2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдарлау бойынша жылдық жоспары

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған бойынша

2025-2026 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары

 

 

 

 

 

 

Педагогы кәсіптік – бағдар беруші  : Копжасаров.С.М

 

2025-2026 оқу жылына жылдық жоспар

 

Мақсаты:

  • оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына көмек беру;
  • мектеп оқушыларының қабілеті, қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының оңтайлы жүйесін жасау;
  • Оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұрастың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Кәсіби білім беруде мекемелермен бірлесіп кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Химия, биология, физика, математика, т.б. пәндерінен бағыт бойынша топтық тапсырма орындау;
  • Кәсіби бағдар беруді оқу бағдарламасына, оқу-тәрбие үдерісіне енгізу;
  • білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауы үшін мектептегі дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін құру.

 

 

Міндеттері:

 

  • білім алушылардың өзін-өзі тануына мүмкіндік туғызу, психологиялық портретін қалыптастыру
  • оқушының өзінің табиғи ерекшелігі мен танымдық мүмкіндігін тануы, мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес жеке танымдық қорытынды жасауы мен ішкі қажеттіліктері негізінде кәсіби бағдарлану жолын анықтауы;
  • оқушылардың өз қызығушылығын, бейінін, қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар жүргізу,
  • оқушыларды болашақ кәсіби қызметке, мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындау, кез келген мамандықты таңдауға қажетті қабілет, жауапкершілік пен еңбекті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу.
  • оқушыларға мамандықтар әлемі туралы біртұтас мағлұмат беру,
  • кәсіби білім беру сапасын жетілдіру және қоғамдық сұраныстарға жауап беретін маман даярлау
  • кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру,
  • оқушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу;
  • бітірушілердің бойында өмір бойы білім алуға деген ниет қалыптастыру, өмірде мансаптық өсуіне және танымдық процесін жетілдіруге даяр болуға көмектесу;
  • Жоспарды іске асыру барысында мұғалімдер, оқушылардың ата-аналары, жұмыс берушілер, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіби бағыт-бағдар беру шараларын өткізуге белсенді қатысады, олар өңірде сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.

 

Мектептегі кәсіби бағдар беру – оқушыларға кәсіби қызметтің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық сипаттамалары туралы қажетті білімдерді игеруге бағытталған оқу-тәрбие жұмыс жүйесі. Қоғамның игілігі үшін әрбір мектеп түлегі өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктеріне барынша сәйкес келетін мамандықты табуы қажет, уақытын, күшін, қаржысын босқа жоғалтпай, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орнын анықтап, ең үлкен пайда әкеліп, өз еңбегінен толық қанағат алу мүмкіндігін табуы тиіс.

Мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын мекеме әкімшілігі, кәсіби бағдар беру мұғалімі, сынып жетекшілері және пән мұғалімдері жүргізеді.

Жұмыс жоспары оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, бастауыш, негізгі, орта мектептегі жұмыс мазмұнының, түрлері мен әдістерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары:

  • Кәсіби ақпарат: бұл мамандықтар әлемі, өзін-өзі анықтауға қажетті жеке және кәсіби маңызды қасиеттер, білім беру мекемелері жүйесі, мамандық алу жолдары, қоғамның кадрларға деген қажеттілігі туралы мәліметтерді қамтиды.
  • Кәсіби тәрбиелеу: оқушылардың бейімділіктері мен кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыруды қамтиды. Кәсіби тәрбиелеудегі педагогикалық жұмыстың мәні оқушыларды оқу мен сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі түрлеріне, әлеуметтік пайдалы және өндірістік еңбекке, өз күшін сынауға ынталандыруда жатыр.
  • Кәсіби кеңес беру: оқушының жеке тұлғасын зерттеу, ол жеке түрде жүргізіледі. Сынып жетекшісі оқушылардың іс-әрекеті мен дамуын бақылау, олардың оқу және сыныптан тыс қызметінің нәтижелерін зерттеу, сауалнамалар жүргізу, психологиялық-педагогикалық сипаттамалар құрастыру сияқты әдістерді пайдалана алады.

Жұмыс формалары:

  • Кәсіби бағдар беру сабақтары;
  • Экскурсиялар;
  • Кәсіби бағдар беру сынып сағаттары;
  • Мамандықтармен танысу кездесулері.

Кәсіби бағдар беру мақсатында оқушылармен өзара әрекеттесу формалары:

  • Пән олимпиадаларына қатысу;
  • Әр түрлі бағыттағы байқауларға, жобаларға, іс-шараларға қатысу;
  • 10-11 сынып оқушыларын сауалнамалау және тестілеу;
  • Кәсіби бағдар беру сауалнамалары;
  • Кәсіби бағдар беру ойындары.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру шаралары:

  • Кәсіпорындар мен ұйымдарға танысу мақсатында экскурсиялар ұйымдастыру;
  • Оқу орындары ұйымдастырған оқу орындары туралы көрмелер мен жәрмеңкелерді көру;
  • Кәсіби білім беру мекемелерінде Ашық есік күндеріне қатысу;
  • Мектеп сайтында кәсіби бағдар беру материалдарын орналастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Айлары

Тақырыптың атауы

Уақыты

Есеп формасы

Жауаптылар

1

Қыркүйек

2024-2025 оқу жылына арналған кәсіби  бағдар беру жоспарын талқылау 

3.09

ақпарат

Директор, Оқу ісі жөніндегі орынбасар, Психолог, Кәсіби бағдар беру мұғалімі, Әлеуметтік педагог

«Кәсіби бағдар беру бұрышы» стендін және әдістемелік материалдарды рәсімдеу

10.09

 ақпарат

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

Қабілетіне  қарай  мамандық таңдауға көмектесу         9-11 сыныптар

17.09

Нәтиже талдау

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

Оқушының өзіне деген сенімділігін анықтауға арналған тест 9-11 сыныптар

24.09

Нәтижелерді талдау

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

2

Қазан

«Дублер күні» Мектепте дублер күнін өткізу.  

3.10

ақпарат

Педагог-кәсіптік бағдар беруші . психолог

9-сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» дөңгелек үстел өткізу.

10.10

Ақпарат, есеп, фото,инста парақшасына жүктеу

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

«Ауылымды көркейтуге үлес қосқан мамандық иелері» 9-11 сыныптар

17.10

Видео жасау

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

3

Қараша

 «Ата – аналардың жұмыс орнына 1 күн бару»11 сыныптар

14.11

Ақпарат, фота есеп

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

Сыныптар арасында жоба жұмыстарын ұйымдастыру «Ең қажет мамандықтар»  7 – 8  сыныптар

21.11

Ақпарат

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

4

Желтоқсан

Кәсіптік бағдар: мамандық таңдау негізі.

«Жаңа уақыт-жаңа мамандықтар» 

11 -сыныптар

5.12

шығарма

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

10-сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін»  дөңгелек үстел өткізу

12.12

Ақпарат, фота есеп

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

«Біздің ата-аналарымыздың мамандықтары» тақырыбында сынып сағатын өткізу

19.12

Ақпарат, фота есеп

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

5

Қаңтар

«Мен қай мамандықты таңдасам екен?»  мамандықтармен таныстыру  9-11 сыныптар

16.01

Ақпарат, фота есеп

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

«Мамандықты таңдай біл» тақырыбында 

 11-сынып оқушыларының арасында мамандық таңдауға байланысты тренинг өткізу

30.01

Ақпарат, фота есеп

Педагог-кәсіптік бағдар беруші , психолог

6

Ақпан

«Нарыққа қажетті мамандықтар» Пікір сайыс

6.02

Ақпарат, фота есеп

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

 «Кәсіптік бағдар – болашаққа бағдар» апталық

16.02 – 20.02

Ақпарат, фота есеп, инстаға жүктеу

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

«Мамандықтар әлемі. Медицина. Кездесу» тақырыбында мамандармен кездесу ұйымдастыру

27.02

Ақпарат, фота есеп, инстаға жүктеу

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

7

Наурыз

Мамандық таңдау мектебі каналын көрсету«Болашақта сұранысқа ие  супер мамандықтар»      

6.03

Ақпарат, фота есеп, инстаға жүктеу

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

Сюжетті -рөлді, өнімді ойындарды өткізу («Пошта», «Ауруханада», «Дүкенде» және т.б.)

13.03

Ақпарат, фота есеп, инстаға жүктеу

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

«Менің болашақ мамандығым» 11 -сынып оқушыларының арасында мамандық таңдауға байланысты  пікір алмасу.

 

Ақпарат, фота есеп, инстаға жүктеу

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

8

Сәуір

  « Мамандық туралы мен не білемін?» дөңгелек үстел

 5-7 сыныптар

3.04

Ақпарат, фота есеп, инстаға жүктеу

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

Ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарына экскурсия  ұйымдастыру.   8, 9 сыныптар,
 

10.04

Ақпарат, фото есеп, жариялау

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

9

Мамыр

Оқушыларды орта білімнен кейінгі білім алудың әртүрлі нұсқаларымен таныстыру және оларға қызығушылық танытқан колледждерді немесе жоғары оқу орындарын зерттеуге бағыт беру

9-11 сыныптар

2.05

Ақпарат, фота есеп, инстаға жүктеу

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

Жоғарғы оқу орындарымен, кәсіптік -техникалық  колледждермен кездесулер өткізу

9-11 сыныптар

16.05

Ақпарат, фото есеп, жариялау

Педагог-кәсіптік бағдар беруші

 


Текст