"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Узунколь отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области. 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білгірлер сайысы » 5-6 "а" сынып Тажина Н.С

20.02.2023

Тақырыбы:  «Білгірлер сайысы » интеллектуалдық   сайысы

Мақсаты: оқу үрдісін жанашандыру арқылы, озық заман технологияларын тиімді  пайдалана отырып,

Бәсекеге қабілетті , әлеуеті мықты , ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Заманына сай білімді , білікті ұрпақтың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту,бәсекеге қабілетті интеллектуалды,

Ұлтжанды тұлға  қалыптастыру.

«...Адамзат  үшін  жиырма бірінші ғасыр  жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы  жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі мектеп оқушылары, сіздердің еншілеріңіз».

Сабақ ұстанымы:

Білекке сенген заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенген заманда,

Қапы қалып жүрмелік!

Тіл  жаттықтыру:  «Әріптер сөйлейді».

Сұраққа әр оқушы қолындағы әріптен басталатын  сөздермен ғана  жауап береді

Сайыстың  айналымдары:

  1. Қызықты грамматика
  2. Суреттер сөйлейді
  3. «Мың бір мақал...»
  4. Мақалдарды жалғастыру
  5. Сөздерді сәйкестендіру
  6. «Сөзжұмбақ»

Сайыстың барысы:

  1. Қызықты грамматика
  2. Суреттер сөйлейді   ақын жазушылардың суреттерін дұрыс тауып сәйкестендіру

3.«Мың бір мақал»

Құрамында төмендегідей сөздері бар мақал  -мәтелдерді айта білу керек.Мысалы: Аға, білім, ана, жақсы, ұстаз, тіл, ұят,алтын т.б. яғни  осы сөздермен  мақал – мәтелдер айтамыз.

4.Мақал – мәтелдерді жалғастыру

Төртеу  түгел болса, төбедегі келеді,(Алтау ала болса, ауыздағы кетеді)

Жақсының аты өлмейді,(Ғалымның  хаты өлмейді).

Досы көпті  жау алмайды,(Ақылы көпті дау алмайды).

Күйеу  жүз жылдық...(Құда мың жылдық ).

Киіміне  қарап қарсы алады,(Ақылына қарап шығарып салады).

Қайта шапқан жау жаман,(Қайтып келген қыз жаман).

Сөз сүйектен өтеді,(Таяқ еттен өтеді).

Мал аласы сыртында,(Адам аласы ішінде).

Жаңбырменен жер көгерер,(Батаменен ел көгерер).

Жаяудың шаңы шықпас,(Жалғыздың  үні шықпас).

5- айналым: «Сөздерді сәйкестендіру» .

6.Сөзжұмбақ шешеді

Сайыс шарты:

Берілген тұрақты тіркестердің  мағынасын бір ауыз сөзбен  айта біліңіз. Мысалы: Инемен құдық қазғандай –

«Қиын», «ауыр» деген мағынаны білдіреді.

  1. Ана сүті аузынан кетпеген    ............  жас
  2. Тақиясын көкке лақтыру .................. қуану
  3. Мұрнын шүйірді  .............................. менсінбеді
  4. Иығы түсіп кетті ............................... көңілсіз, үнжырғасы  түсіп кету
  5. Жағасын ұстады ............................. таң қалды
  6. Шөп басын сындырмау .......... түк істемеу
  7. Ауызға үріп салғандай ............... өте әдемі
  8. Тонның ішкі бауындай ........... тату достар
  9. Астына көпшік қою .................. мақтау
  10. Ішкен асы бойына дарымау ....... алаңдау, қайғыру

Мұғалім:

... Туған тілде  сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім  тіл болудан  қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!

  • Осымен сайысымыз  аяқталды,
  • Уақат  та біраз жерге таяп қалды.Әділқазылар алқасынан ұпай санын күтеміз.

 

 

Просмотров: 3960


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст