"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Узунколь отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области. 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көңілді тапқырлар» сайысы. Тажина Н.С 5-9 сыныптары

20.02.2023

«Көңілді тапқырлар» атты сайыс жоспары

 

Жүргізуші: Бүгінгі «Көңілді тапқырлар» атты зияткерлік ойын -сайысымызды бастаймыз.Оқушылар сіздерге мына ұсынылған геометриялық фигураларды таңдауларыңызды өтінеміз. (Оқушылар фигураларды таңдап, үш топқа бөлініп отырады.)

  1. топ: «Бәйтерек»
  2. топ: «Қыран тобы»

 

Жүргізуші: Ойын төрт кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Суреттер сөйлейді»

2- кезең: “Құпия ұяшықтар»

3-кезең: «Полиглот»

4-кезең: «Бәйге»

5- кезең «Сандар сөйлейді»

 

  1. кезең: «Суреттер сөйлейді» Суретке қарап, суретте берілген тұлғаны анықтайсыздар.Тапқан топ қолдарындағы  белгіні көтереді. Дұрыс жауап берген топқа 5 ұпай.

 

  1. кезең: “Құпия ұяшықтар».Үш тақырып берілген: «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Абайтану». Әр тақырыпқа ұяшықтар берілген. Қалаған ұяшықты таңдап, сұраққа жауап бересіздер. Ұпай саны жоғарылаған сайын сұрақ күрделене түспек. Әр топ бір-бір сұрақтан таңдап, сұраққа жауап береді. Сұраққа жауап бере алмаса, келесі топ белгіні көтеріп, сұраққа жауап беруіне болады.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын

Келесі кезең     «Полиглот»: «Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» Бұл кезеңде берілген мақал-мәтелден түсіп қалған сөзді тапқан топ белгіні көтереді. Тапқан сөзді  қазақ, орыс  тілдерінде айтады. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

 

4-кезең: «Бәйге» . Әр топтан бір оқушы шығып, 7 сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Іске сәт!

Ортаға «Бәйтерек» тобынан топ басшысын шақырайық:

1. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы қай жыл?

2. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы шығарылған?

3. Жалғаудың түрлерін ата

4. «Отан» туралы қандай мақал-мәтел білесің?

5. Зат есім құрамына қарай қандай түрлері бар?

6. «Ұстаз» сөзінің синонимін тап

7. «Алаш» партиясының негізін қалаушы

 

Ортаға «Қыран» тобынан топ басшысын шақырайық:

1. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы қай жыл?

2. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы шығарылған?

3. Жалғаудың түрлерін ата

4. «Отан» туралы қандай мақал-мәтел білесің?

5. Зат есім құрамына қарай қандай түрлері бар?

6. «Ұстаз» сөзінің синонимін тап

7. «Алаш» партиясының негізін қалаушы

 

«Сандар сөйлейді» әр топқа сандар таратылып беріледі ,сол бойынша жауаптарын айтып шығулары керек.Әр дұрыс жауапқа алтын сақа беріліп отырады.Сайыс соңында алтын сақаларды санап жеңімпаз топты марапаттаймыз.

 

Жүргізуші: Осымен зияткерлік ойын өз мәресіне жетті. Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 4106


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст